Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоглуды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады. Кездесу барысында Президент қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Тарихи тамыры терең қатынастар өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдер арасындағы тауар айналым 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

М.Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ