Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақ-Ресей туризм саласында ауқымды жобаларды бірігіп іске асыруы тиіс – Н.Назарбаев

Алқалы жиынға екі елдің мемлекет басшылары қатысты. Форумды бастамас бұрын Қазақстан мен Ресей Президенттері Петропавлда екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Халықаралық оқиғаларды бір шолып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегіз айдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 11 млрд. долларға жетті. Жыл соңына дейін көрсеткіш 18 млрд-қа жетуі мүмкін. Биылғы форумның тақырыбы туризм. Бұл салада екі ел бірігіп ауқымды жобаларды іске асыруы тиіс. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын форум жылдан-жылға кеңейіп, оның ауқымдылығы артып келеді. Сондай-ақ, ол түрлі саланы қамтиды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Форумның тақырыбы өзекті. Себебі, біздің елдер арасында тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Бұл екі елдің байланысын бекемдей түседі. Шекаралық  форум өткізу идеясын өзіңіз ұсынған едіңіз. Ол жемісін беруде. Бүгінгі форумның да нәтижелі боларына сенім мол.

Екі елдің туризм саласының мүмкіндіктері зор. Арнайы ашылған көрмені тамашалаған мемлекет басшылары әр өңірдің ерекшеліктеріне тоқталды. Одан кейін мәртебелі меймандар форумның негізі жиынына қатысты. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жоспарлар бекіді.

 

Дулат НУРКИН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.