Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары басталды

Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары басталды. Ташкентте екі елдің президенттері тұңғыш рет кездеспекші. Сапарда әдеттегідей сауда, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелермен қоса, көлік-транзит жайы да талқыланбақ. Қазақстанның Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы қазір 2 миллиард доллардан асады. Көрсеткішті, 2020 жылға қарай бес миллиард долларға жеткізу көзделген.

Енді бұл жолғы сапарға оралсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары алдында өзбектің ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Президенттің пікірінше, «Қазақстан мен Өзбекстан арасында іс жүзінде конструктивті диалогсыз шешілмейтін бірде-бір мәселе жоқ». Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатыспақ.