Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

8 жастағы қызды зорламақ болған педофильге химиялық кастрация жасалады

Ол алдағы 15 жыл өмірін қатаң тәртіптегі түрмеде өткізеді. Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында сот осындай шешім шығарды. Кішкентай баланы алдап, адам жоқ жерге ертіп бара жатқан азғынды жергілікті тұрғындар ұстап алған.

Педофильдерден қорғану мәселесі Өскеменде өткен вебинарда айтылды. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін адамдардың азаматтық белсенділігі, қырағы болуы да өте маңызды. Үржар ауданының әкіміне судья педофильді ұстап алған 3 тұрғынды марапаттау жөнінде хат жазды.

Нұргүл Жақсыбекова, облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы:

- Химиялық кастрация 2018 жылдан бастап еңгізілген біздің заңға. ҚР Қылмыстық Кодексінің 94-бабы бойынша, сарапшылар қылмыскерді сараптамадан өткізеді. Соның қорытындысы бойынша сот жаза тағайындайды.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: