Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Петропавлда екі жасар бала пәтердің терезінен құлап, көз жұмды

Петропавлда екі жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезінен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға маусымның 11-і күні түскі сағат бірлер шамасында Шоқан Уәлиханов көшесі бойындағы үйлердің бірінде тіркелді. Биіктен құлаған баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше жан тапсырған. Мәліметтерге қарағанда, бала терезе жақтауына шыққан кезде үйде анасы да, аға-әпкесі де болған екен. Алайда, олар бір сәтке баланы көзден таса қылыпты. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында осындай 2 оқиға тіркелген.

 

Ерік Сарыбаев,СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

 

Аталған оқиғаның бірінші себебі, кішкентай баланың ойнап жүріп, терезеге шығып кетіп құлауы. Осы жағдайларды ескере отырып барлық ата-аналарға мұқият болып, терезег арнайы москит торларын қоюды айтамыз. Өйткені, республикада осындай оқиғалар өте көп тіркелуде.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ