Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Әлемдегі ең бағалы сыйлықтың бірі «Оскар» туралы қызықты деректер

Metro-Goldwyn-Mayerмен компаниясының басшысы Луис Барт Майер 1927 жылы АҚШ-ғы алғашқы киноакадемиясын ашуды ойлады. Оған себеп, Америкадағы ең ірі 9 компанияның біртұтас одаққа бірігуі туралы келісімге қол қою. Ал, академияға актерлар, режиссерлар, сценаристер, операторлар мен продюссерлер мүше болды. Америкалық кино өнері академиясының алғашқы президенті болып Дуглас Фербенкс тағайындалды.

Кино саласындағы жетістіктерді дауыс беру арқылы марапаттау туралы шешім де осы жылы қабылданды. Ал, 1929 жылы өткен алғашқы салтанатты шарада тарихтағы бірінші жүлдені Уильям Уэлманның «Қанаттар» фильмі жеңіп алды.

Бір қызығы - сыйлықтың Оскар атану себебі әлі белгісіз. Киноөндірісі салсында жүрген жандар үшін ең бағалы сыйлық туралы деректер мен рекордтар туралы толығырақ «Tansholpan»-нан қараңыз.