Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Алматы барысы – 2019» сайысының жеңімпазы Руслан Әбдіразақов: «Tansholpan»-да

«Алматы барысы – 2019» сайысының жеңімпазы Руслан Әбдіразақов Алматы студиясының қонағы болды. Палуан 8 маусым күні өтетін «Қазақ барысы» сайысына дайындығы туралы сөз қозғап, спорттағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазір бізде жақында болатын додаға дайындық өтіп жатыр. Жылдағыдай алдын ала іріктеуге дайындаламыз. Одан кейін күнделікті жаттығу. Жаттығу тек жарыс алдында емес, жыл бойы, күнде жасаймыз. Өйткені біз үнемі дайын болуымыз керек. Жаттығу күніне 4 сағат өтеді. Онымен бірге демалу уақыты, тамақтану, денсаулыққа назар бөлу керек.

Қазір Қазақстанда чемпиондар аз емес. Дарынды жастар өсіп келе жатыр. Бір-екі жылда артымыздан еріп келе жатқан бауырларымыз спортта топ жарады деп сенемін», дейді қонақ.

Толық нұсқа