Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Асылхан Есілов: Туроператорлар арқылы шетелге шығатын әрбір азамат туркод сұрауға міндетті

«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Қордың мақсаты – туроператор өз міндетін дұрыс атқара алмаған жағдайда барған елінің аумағынан шығару бойынша турист ретінде саналатын ҚР азаматтарына жедел көмек беру, яғни, ел тұрғындарының шетелдегі демалыстан уақытымен оралуын қамтамасыз ету.

«Туроператорлар арқылы шетелге шығатын әрбір азамат туркодты сұрауға міндетті. ТУРКОД туристік оператор өз міндеттемесін орындауы мүмкін емес жағдайда елге оралудың кепілі саналады. Туристік оператор өз міндеттемесін орындамау жағдайы туындаған сәтте ТУРКОД болса, онда кепіл беру жүйесінің әкімшісі сіздің үйге оралуыңызды қамтамасыз етеді», - дейді қор директоры.

Бұдан бөлек, шетелге демалысқа шыққанда ескеретін ең басты қағида қандай? Қазақстандықтар ең жиі демалатын елдер тізімі, Қазақстанға қай елдің азаматттары көп келеді? Ешқандай туроператорға жүгінбей, жекелей сапарлайтын азаматтар нені ескеруі керек? Сұхбат барысында осы сауалдарға жауап берілді.

Бүгінгі бағдарламаның толық нұсқасы: