Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері кім?

Осы айда Геннадий Головкиннің жаңа бапкері деп таныстырылған Джонатан Бэнкс жерлесімізді жаттықтыруға кірісіп кетті. Оның алдында Сауль Альварестен жеңілген чемпиондық титулдарын қайтару міндеті тұр.

Қазіргі бапкердің спорттағы мансабы 2004 жылы басталған. Статистикаға көз жүгіртсек, Бэнкс кәсіби спорттағы 33 жекпе-жегінің 29-ын жеңіспен, 1-ін тең нәтижемен, 3-ін жеңіліспен аяқтаған.

«Бұл ұсыныс туралы естігенімде таңқалдым. Біз Геннадий екеуміз алдында таныс емес етінбіз. Бір дастарханда отырмасақ та, сырттай өнеріне сүйсінетіндердің қатарынанмын.

Біз жаттығу кезінде қарсыласқа көбірек соқтығу жасауға машықтанып жатырмыз. Мен оған ең жақсы қорғаныс – шабуыл екенін үнемі айтып жүремін», - дейді Джонатан Бэнкс.

Бэнкс пен Головкиннің бірлесіп атқарған жұмысы 8 маусым күні канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте көрінеді. Бұл кездесу жерлесіміздің жеңісімен аяқталса, мексикалық Сауль Альвареспен үшінші бокс кешінің ұйымдастырылып қалуы әбден мүмкін.

Толық нұсқа