Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Халық әртісі Роза Әшірбекова 80 жаста

Ғұмырын театр өнеріне арнаған белгілі актриса Роза Әшірбекова 80 жаста. Драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Енелер мен келіндер» шығармасы Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театр басшылығының ұсынысымен ҚР Халық әртісі Роза Әшірбекованың мерейтойына арнайы жазылған. Бұл қойылым 80 жасқа толған актрисаның көрерменге тартуы деуге де болады.

«Бақытты да, басқа да күндер болып жатады. Алайда бүгінгі күн – ерекше. Ұжымыма алғысым шексіз. Менің театрым – ерекше театр. Басшыларымыздың үлкен апаларға, ағаларға құрметі – ерекше» , - дейді Роза Әшірбекова

60 жыл ғұмырын тек бір ғана театрға арнаған сахна саңылағы осы уақыт ішінде ұлттық және әлемдік драматургияда әйелдер бейнесінің ерекше бір галереясын жасады. Белгілі бір өнер иесіне арналған кез келген туынды оның табиғатына, актерлік қабілетіне, тіпті ішкі жан дүниесіне лайықталатыны белгілі.

Жаратушыдан берілген талант еңбекқорлық пен ізденіс ұштасып жатса, ол өнер иесі үшін үлкен бақыт. Роза Әшірбекованың шеберлігі, қажыр-қайраты актрисаның тек өнер үшін жаралғандығының көрінісі.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Поделиться: