Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Молдабек Сағынбек: Ұлттық арна – менің өмірім

Қазақ телевизиясының ардагері Молдабек Сағынбекті ұжымы зейнет демалысына шығарып салды. Алғаш еңбек жолын «Қазақстан» Ұлттық арнасының ішінен құрылған «АР» жастар студиясынан бастаған журналист Молдабек Сағынбек саналы ғұмырын телевизияға арнаған жан.

1984 жылы табалдырығын аттаған қара шаңырақта 35 жылдам астам уақыт жұмыс істеді. «Алаш рухы» ұранымен жастарға жігер берер бағдарламалар әзірлеп, кейін «Алатау» телеарнасында «Сөз толғау», «Көкжиек» атты хабарлар дайындады.

Молдабек Сағынбек Ұлттық арнада қызметте жүріп біраз шәкірт тәрбиеледі. «Ұлттық арна – менің өмірім» ұранымен өмір сүрген Молдабек Сағынбек кітап жазып, жеке шығармашылыққа ден қойсам дейді. Әріптес ағамызға шығармашылық табыс телейіміз.

 

Толық нұсқа