Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Нәзипа Ыдырысқызы: Елбасының жолдауында қазақ халқының рухани байлығын арттыруға бағдар берілді

1 наурыз - Алғыс айту күні. Ол күн де жақындап келеді. Осыған орай елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өтеді.

«Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Құрманбек Жұмағали, ҚР Президент әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Ыдырысқызы студия қонағы болып, мерекенің мәні, қайырымдылықтың мақсаты, Ассамблеяның жоспары туралы сөз қозғады.

Нәзипа Ыдырысқызы:

Елбасының соңғы Жолдауларында қазақ халқының рухани байлығын арттыруға бағдар берілді. Алғыс айту күні 2015 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген. Бұл мерекенің астарында елдің ауызбіршілігін білдіретін терең мән жатыр. Бұл күн адамдардың бір-біріне деген сыйластығын білдіру үшін керек. Мерекенің түпкі негізі – ата-анаға, жора-жолдастарға, көршіге алғыс айту.

Алғыс айту - адамгершіліктің белгісі. Ал, қайырымдылық - іріліктің белгісі. Қазақ қашан да ірі халық болған. Сол ірілікті жоғалтпауымыз керек. Бұл мереке ұсақталмау үшін, ұрпағымызды тәрбиелеу үшін керек.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: