Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қабыл Ібіжановтің бүгінгі тілегі – елінің амандығы

70 жылға жуық уақыт өтсе де, соғыс зұлматы ұмытыла қойған жоқ. Ұрыс даласында өткен әр сәт майдангерлердің жадында. Бес жылға созылған толассыз соғыс талай сарбазды жер жастандырды. Әуеден түскен бомба мен жан-жақтан атқылаған оқ талай қаланы жермен жексен етті.

Соғыс ардагері Қабыл Ібіжанов бозбала шағында сол қасіретті көзімен көрген жан. «Ең қиыны – Болгариядағы майдан болды. Ішкі жау. Түнде бармасаң, күндіз ұстау қиын»,-дейді ол. Қартмайдангер Болгария, Румыния, Украинадағы ұрыстарға қатысқан.

Сарысу жерінен майданға аттанған бозбала соперлік рота құрамында болып, жерді жау минасынан тазартумен айналысты.

Қабыл Ібіжанов Кеңес одағы басып алған батыс еліндегі бірнеше қалалардағы бүлікшілікті басуға қатысып, соғыс біткен тұста елге бірден орала қойған жоқ. Архангельск, Ленинград қалаларының аймағын қираған үйінділерден тазартты.

Ардагердің бүгінгі тілегі – елінің амандығы.

 

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: