Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күнінің шығу тарихын білесіз бе?

Ғашықтық – махабаттың ең үлкені (Шәкәрім).

Адам баласы ұлы махаббат сезімін бұрыннан қадірлеп, ерекше қастерлеп келген. Әр халық осы сезімді құрметтеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Біздің елімізде де махаббатты қастерлеудің күнін белгілеу ұсынылған болатын. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіруге, құрмет көрсетуге себепші.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», яғни ғашықтар күнінің шығу тарихы туралы түрлі деректер бар. Ғаламторда ең алғаш болып атаулы күнді тойлауды 1999 жылы қоғам қайраткері Дархан Мыңбай ұсыныс ретінде көтерген. Ол қос ғашықтың атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты сәтсіз аяқталғанын білеміз. Ал, бұл мерекені дәл осы ғашықтардың есімімен атау қаншалықты дұрыс?

Омар Жәлел:

Бұл жерде ғашықтардың қосылу немесе қосылмауы маңызды емес. Бұл жерде ең бастысы – ғашықтықтың өзі. Ғашықтық үлкен мектеп. Сүйе білуді, тұрақтылыққа үйретеді.  

Ғашықтар күні құтты болсын!

Толық нұсқа