Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Зергерлік өнер – ұлттық мәдениеттің белгісі

Ұлттық әшекей қыздың нәзіктігіне сән беріп, ажарын ашады. Сыңғырлаған шолпы шаштың тез өсуіне ықпал етіп, арқаны тік ұстауға, жүріс-тұрысты түзеуге септігін тигізеді. Ою-өрнекпен әрленген сақина, білезік кез келген киімнің сәнін кіргізеді.

Бұйымдардың жасалу үлгісі біздің заманымызға дейінгі III-IV ғасырларда басталған. Онда бұғы, жолбарыс, жапырақ бейнеленіп, уақыт өткен сайын жасалу үлгісі өзгерді. Шеберлер алтынды күміске ауыстырды. Бағалы металдың бұл түрі кез келген техникалық тәсілдерге икемді әрі емдік қасиетке ие.

Нәтижесінде зергерлік бұйымдар әр өңірдің ерекшелігіне сай дами түсті.

ҚР Ұлттық музейінде зергерлік бұйымның 15 мыңнан астам түрі сақтаулы. Шеберлер қазіргі күні 19-шы ғасырда жасаған туындыларды жаңғыртуға ден қойды. Әр оюды орнымен өрнектеп, сақ жауһарды қалпында сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізбек. Өйткені зергерлік өнер - ұлттық мәдениеттің мәйегі.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: