Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

12-13 қараша күні елордада әлемнің жетекші сарапшылары бас қосады

12-13 қараша күні елордада әлемнің жетекші сарапшылары мен саясаткерлері және 10-ға жуық мемлекеттің бұрынғы басшылары бас қосады. Олар дәстүрге айналған «Астана клубының» 4-ші отырысына қатысады. Бұл жиын бүгінде жаһандағы өзекті мәселелерді талқылау орны ғана емес, маңызды мәселелердің шешу жолы айтылатын салмақты алаңға айналып отыр. Биыл «Астана клубының» қатысушылары Еуразиядағы сын-қатерлерге назар аударып, олардың рейтингін тізбек. Алқалы жиынға барлығы әлемнің 30 елінен 50-ден аса беделді мамандар қатысады.

Жәнібек Арынов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Еурокомиссияның бұрынғы президенті Баррозу мырзаның, Ауғанстанның президенті Хамид Карзай мырзаның, Түркияның бұрынғы президенті Давлотоғлу мырзаның қатысуы күтіліп отыр. Сонымен қатар, бұрынғы саясаткерлерден бөлек, әлемдік танымал, сарапшылар, зерттеушілер қатысады. Дэн Смит, Роберт Каплан секілді аты әлемге танымал эксперттердің қатысуы және осы мәселелерді талқылануы күтілуде.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.