Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Абай Құнанбайұылының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында құнды қазына табылды

Ол Қазан қаласының өңірлік университетіндегі Абай жазған жарғының түпнұсқасы. Құнды жәдігерге Семейдегі Абай мұражайының қызметкерлері ғылыми іс-сапар кезінде тап болған. Сөйтіп, оның көшірмелерін жасауға қол жеткізген. «Қарамола жарғысын» ХІХ ғасырда адам құқықтары мен бостандығы хақында Абай Құнанбаев өзі, 1885 жылы құрастырып шығарған. Семейлік ғалымдардың қолында ақын жазған заңдардың осы күнге дейін тек аудармалары болған. Енді оларды түпнұсқамен салыстыра отырып, ғылыми зерттеу жүргізуге мүмкіндік туып отыр.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы директорының орынбасары:

Бұның өзі біз үшін үлкен олжа, үлкен қуаныш. Абайдың 175 жылдығына қарсы табылған. Үлкен бір құнды дүние, құнды құжат. Біздің ұлы тұлғаларымызға қатысты осындай құнды дүниелер күнде табыла бермейді.

Ержан ЖАҚЫП