Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Алматыда қазақтілді «Youtube» блогерлерінің бірінші құрылтайы өтті

Жиында қазақша контенттерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір қазақтілді видеоларға сұраныс артып отыр. Мәселен, күн сайынғы қазақ тіліндегі видеолардың қаралымы 7 млн-нан асады. Әсіресе, қазақша бейнеклиптер мен бизнес туралы материалдарға қызығатын адам көп. Сондай-ақ, танымдық дүниелердің таралымы да көңіл қуантады. «Бірақ, қоғамдағы қозғалмаған өзекті тақырыптар әлі де аз емес», - дейді «Genesis Youtube Qazaqstan» ұйымының мамандары.

 

Жалғас Халықов, «Youtube Qazaqstan» менеджері:

Қазақстанның youtube нарығы әлі де бос. Кез келген тақырыпта канал ашуға болады. Сондықтан, біздің қазіргі жиналып жатқан мақсатымыз да сол, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: