Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Алматыда Республикалық қоғамдық кеңес мүшелері тілшілер мен медицина қызметкерлерін марапаттады

Алда келе жатқан Медицина қызметкерлері мен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің күніне орай өтіп отыр. Себебі, бірі ақпараттық кеңістікте, енді бірі халықтың денсаулығына жауапты мамандар. Жалпы, Еуропа елдерінде қоғамдық марапаттардың бәсі - мемлекеттік марапаттардан кем түспейді, - дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан, олар алдағы уақытта еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, басқа да сала қызметкерлерінің еңбегін елеп-ескермекші.

Бақыт Жағыпарұлы, «Қазақ» радиосының бөлім жетекшісі:

25 жылдық еңбегіміздің жемісі ретінде осы төсбелгіні қадауға өздері шешім шығарған екен. Бұл мен үшін мәртебе. Бұл маған берілген медаль емес. Бұл 100 жылдық тарихы бар Қазақ радиосына берілген медаль деп білемін. Өйткені, 2 жылдан кейін Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған Қазақ радиосының 100 жылдығы.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ