Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ауыл тұрғындары жергілікті шаруа қожалығынан үлесін даулап отыр

Ақмола облысындағы Ермаковка деген ескіден қалған ерсі атаудан айырылмай отырған ауылдың тұрғындар жергілікті шаруа қожалығынан үлесін даулап отыр. Серіктестік қолданып отырған 1300 гектар - жер-ауылдағы ағайынға тиесілі. Алайда оған не мал жая алмай, не жем-шөп ала алмай отырмыз,- дейді тұрғындар. Бұл жағдайға қатысты шаруашылық басшылығының өз уәжі бар. Мән-жайды Ермек Елберген анықтады.

Ермаковка - Зеренді ауданына қарасты шағын ауыл. 40 шақты түтіні бар. Осыдан екі жыл бұрын екі есе көп еді.  Тұрғындардың ауылда тұрақтамайтын себебі- мал ұстауға жағдай жоқ. 

Бақытжан Өтегенова, үлескер:

Біз өткен жылы үлескерлердің жиналысын өткізіп, серіктестіктен шығу туралы шешім қабылдадық. Бірақ, ол орындалмау келеді. Серіктестіктен бас тартуымыздың бірнеше себебі бар. Жерлеріміз дұрыс өңделмейді, бізге үлесімізді, яғни өзімізге тиесілі пайызымызды бермейді, Жиналыс өткізіп, серіктестік қызметі, жұмыс нәтижесі туралы есеп жасалмайды.  

Виктор Савченко, үлескер:

Мен осы серіктестікте жұмыс істегенмін. Жалақыны уақытылы төлеген жоқ. Зейнетке шыққанымда зейнетақы аударымдарын жасамағандығы анықталды.

Серіктестік басшылығы жазда жайылымды жерлерге мал бағуға да рұқсат бермейтін көрінеді. Өз пайдасын ғана ойлап, түрлі құйтырқы әрекеттерге барады дейді, - тұрғындар. Алайда, шаруашылық өкілдерінің бұл мәселеге қатысты өз ұстанымы бар.

Әлия Таранова, «Жыланды» серіктестігінің атқарушы директоры:

Дивидендтерін беріп жатырмыз. Өткен жылы орақ науқаны кеш аяқталды. Сондықтан тек қарашадан бастап үлестірдік. Серіктестік тарапына айтып жатқандары жалған. Жер жыл сайын өңделеді. Менің ойымша, басқа біреулер үлескерлерді үгіттеп жерді алғысы келіп отыр. Қазір іс сотта қаралуда. Шешімін күтеміз.   

Ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы биліктен осы мәселені шешуді сұрайды. Алайда бұл жағдайда олар да қауқарсыз екен.

Бауыржан Құрманғалиев, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі:

«Жыланды» ЖШС үлескерлер шығуға талап етуде. Қазіргі кезде заңға сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жерлігікті әкімдіктің құзіретіне кірмейді. Заң бойынша өзара шешілетін нәрсе.

Осылайша, ауылдағы жерге қатысты келіспеушіліктің нүктесін сотта қойылмақ. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН