Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Баспанасыз қалғандарға көмек беріледі

Петропавлда газ жарылысынан үйсіз қалғандар далада қалмайды. Баспананы қалыпқа келтіріп, қабырғаларды жөндеуді жергілікті әкімдік өз мойнына алып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жұма күні кешкісін көпқабатты үйдің бесінші қабатында жарылыс болып, бірнеше пәтердің терезелері сынып, қабырғалары қисайған еді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Үйге жылу мен электр қуатын беру тоқтатылған жоқ, тек оқиға болған кіреберіс қана орталық газ желісінен ажыратылды.

Павел Глотов, қала әкімінің орынбасары:

- Жергілікті бюджеттен жапа шеккен 107, 121 және 122-нші пәтерлердің иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Ал, жарылыс болған 108-інші пәтердің иесі Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрады. Жарылыс кезінде пәтер жалдаушылар тұрып жатқан. Қазір тексеріс жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.