Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулау азаяр емес

Батыс Қазақстан облысында 80 дана киік мүйізін көлігіне тиеп алып бара жатқан азамат ұсталды. Өңірде соңғы 10 күнде заңсыз киік аулаудың 3 дерегі анықталған. Жаңақала ауданына қарасты Мәштексай ауылында заңсыз аңшылықпен айналысқан 2 азамат қолға түсті. Көліктен 3 киіктің басы мен аңшы мылтығы, оқ-дәрілер табылды.

Сондай-ақ, 12 киіктің мүйізін салып алған Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылының 3 азаматы ұсталды. Ал, 80 дана киік мүйізін қапқа салып, оңай олжаға кенелмек болған Қазталов ауданының тұрғыны жол бекетінде инспекторлардың қолына түсті. Қазір 3 дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде. Заңсыз деректер «Браконьер» жедел іс-шарасының нәтижесінде анықталды.

Еламан Уәлиев, Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы:

 - Осындай заңсыз аңшылықпен жыл басынан бері 62 факті анықталды. Соның ішінде 38 азамат ұсталып, 19-ымен бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданып, әр түрлі жазаларға тартылды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Поделиться: