Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Биыл 735 меценат 35 млрд. теңгеге қайырымдылық жасаған

Бұл қаражатқа ел бойынша спорттық нысандар, мектептер мен медициналық мекемелер, балалар үйлері жөнделді, жаңадан бой көтерді. Осындай игі істердің бастауында жүріп, жомарттық танытқандар Астанада қошеметке бөленді. Туған жерінің гүлденуіне  үлес қосқан бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілердің 50 өкілі 5 номинация бойынша марапатталды. Олардың бірі ерекше күтімді қажет ететін балаларға орталық ашып берсе, енді бірі туған ауылына мектеп сыйлады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ақшалай көмек көрсеткендер де аз емес.   

Айбек Нұғымаров, меценат (Шығыс Қазақстан облысы):

- Өте қуаныштымын. Туған жеріме Ақтанберді Сарыұлы атындағы спорт кешенін салдым.  Ағаларымыз бар көмектескен. Ол - біздің міндетіміз.

 Асқар Керелбаев, меценат (Маңғыстау облысы):

- Елге жасап жатқан жақсылығымызды елеп жатқандарына рақмет. Маңыстау облысында жалғыз мен емес,  өзім сияқты құрылысшылардың бәрі лайық. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: