Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Елімізде қыркүйектен бастап 122 мыңнан астам студенттің стипендиясы 30 пайызға өседі

Елімізде қыркүйектен бастап  122  мыңнан астам  студенттің стипендиясы 30 пайызға өседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін де білім беру гранттарының санын көбейтіп, шәкіртақыларын өсіруді тапсырды. Жастар жылы қолға алынған қаржылық қолдау  студенттер үшін  үлкен демеу болғалы тұр.

 

Жания Айдарова Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде оқиды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын ол, биыл бірінші  курсты аяқтады. Мемлекеттік грант иегері бүгінде жоғарылатылған шәкіртақы алады. Келер жылдан бастап шәкіртақыға 30 пайыз қосылатынына дән риза.

 

Жания Айдарова, студент:

 

Біз өзіміздің шәкіртақымызды өзімізді дамытуға, ата-анамыздың қалтасын қақпай кез-келген жерге баруға, тиімді қолданамыз. Соңғы жаңалық, бізге жастар тарыпына өте қуанышты жаңалық болды. Шәкіртақыға 30 пайыз қосылғаны бізге кәдімгідей үлкен пайда.

 

Жамбыл облысында 240 мыңнан астам жас болса, олардың отыз мыңға жуығы студент. Үш мыңға жуығы мемлекеттік грант негізінде білім алуда.

 

Арайлым Абдуалиева, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

 

Шәкіртақаның 30 пайызға өсуі студенттер үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Өйткені білім алуға деген құштарлығы артады.  Ақылы негізде оқитын студенттер грантқа ауысу үшін өздеренің білімдерін күшейтеді деген ойдамыз. Біздің облысымызда 200 астам волантер жұмыс істейді.  Олар үшін де үлкен мүмкіндік.

 

Сәбит Әлдебай, тілші:

 

Еліміздегі 128 жоғары оқу орнында 542 мыңнан астам жас  білім алуда. Осы жолы осы студенттермен қатар  техникалық-кәсіби білім беру саласындағы жұмысшы мамандарды даярлап жатқан колледж студенттерінің де стипендиясы еселенбек. Білімге зейін қойып, еңбекке ұмтылған жастар үшін үлкен қолдау.      

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ