Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Елордада жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтуде

Елордада жедел жәрдем бригадаларының 3-ші республикалық жарысы өтіп жатыр. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен және Литвадан келген командалар қатысуда. Мұндай сайыс арқылы медициналық мамандардың кәсібилігі арта түспек.

Сондай-ақ, корпоративтік рухты анықтауда, тәжірибе алмасуда іс-шараның маңызы зор. Жарыс барысында қатысушылар белгілі станцияларды өтіп, нәрестені реанимациялау, анафилактикалық шоктан құтқару сынды тапсырмаларды орындады.

Ол үшін манекендер мен жасанды науқастар пайдаланылды. Қызметкерлердің білімін, жылдамдығын әрі біліктілігін сарапшылар бағалады.

Айта кетейік, жедел медициналық бригадалардың жарысы осыдан 2 жыл бұрын Алматы қаласында ұйымдастырылған еді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: