Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Еуропалық және ресейлік сарапшылар «Жусан» операциясына қатысты пікір білдірді

Еуропалық саясаттанушылар да, ресейлік сарапшылар да «Жусан» операциясының сәтті аяқталғанын қызу талқылап жатыр. «Қауіпті аймақтан азаматтарын құтқарып, аман-есен елге жеткізу нағыз ерлік», - дейді Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин. Сирияда бір емес, бірнеше рет болған депутат қақтығыс аймағында мұндай гуманитарлық операцияны жүргізу оңай емес екенін мойындайды. «Бірақ, қазақ Үкіметі ел азаматтары үшін тәуекелге бел буып, мамандардың кәсіби шеберлігінің арқасында діттегеніне қол жеткізді», - дейді Андрей Мамыкин. 

Андрей Мамыкин, Еуропарламент депутаты:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, адам өмірінен артық ештеңе жоқ. Осы басты құндылық деген Президенттеріңіз, «әлемнің қай түкпірінде болса да, мемлекет Қазақстан азаматының қауіпсіздігі үшін, әрі оның елге оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», деп айтқаны қатты ұнады. Қарулы күштердің тұтқынынан ана мен баланы, ер-азаматтарды құтқару үшін әскерилер, құқық қорғаушылар, дипломаттар мен арнайы қызмет өкілдері қанша ұйқысыз түндер өткізді. Өте қауіпті операцияны сәтті аяқтауымен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Бұл - үлкен жетістік.    

Никита Мендкович, Еуразиялық сараптамалық клубының басшысы:

- Бұл гуманитарлық шараны әрине, жетістікке балаймын. Себебі, Сирияда түрлі жағдайларға байланысты жүрген азаматтар еліне қайтуы керек. Дегенмен, Отанына оралған әрбір азаматтың оқиғасын жіті зерттеу қажет деп ойлаймын. Себебі, оның ішінде алдау мен арбауға түсіп, кездейсоқ барған жандар да, сонымен бірге, Сирияда соғыс болып жатқанын біле тұра, белгілі мақсатпен арнайы барған адамдар да болуы мүмкін. Сондықтан, құқық қорғау органдары оған өз бағасын береді деп ойлаймын. Бұл - елдің қауіпсіздігі үшін қажет қадамның бірі.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: