Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Монополист компаниялар тариф құнын өздері өтейтін болды

Кеше Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінде коммуналдық тарифтерді тексеру жөнінде Бас прокуратураға арнайы тапсырма бергенін, сол тексерістің нәтижесі күрделі екенін атап көрсетті. Сол тексерулердің нәтижелері бойынша қазірдің өзінде тиісті шешім қабылдана бастады. Соның бірі, Астанада үш монополист кәсіпорын үшін уақытша шығынның орнын өтейтін тариф белгіленіп, жарық пен жылу бағасы біршама төмендейтін болды. Яғни, олар негізсіз тапқан табысының орнын өтеуі тиіс.

Жалғыз акционеріне жағамын деп жазаға тартылды. «Астана-Өңірлік электр желілері» компаниясы әкімдік салдырған электр жабдықтарын күтіп-ұстап келді. Соған қызмет көрсетуге 200 млн. теңгеден астам қаржы кеткен. Ал, прокуратура жарықтандыру құрылғылары кәсіпорынның меншігінде еместігін анықтап, өтемдік тарифін енгізді. Компания айыбын мойындайды. Бірақ, амалсыз барған. Өйткені, жарықтандыру құрылғыларында апаттық жағдай болса, оны жоятын басқа мекеме жоқ. «Тиісінше, қаланың басым бөлігі жарықсыз қалар еді», - дейді.

Александр Павлов, «Астана-Өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

- Тарифті төмендетудің өзі жаза. Бізге кіріс кірмейді. Ал, сенгеніміз сол. Негізі, тариф 2020 жылға дейін бекітіліп қойған. Сосын жыл сайын 2 тиынға көтерсек дедік. Себебі, қабылдайтын нысан көбейіп жатыр. Шығын да артады деген сөз. Енді біз 1 жылда кінәмізді өтеп боламыз деп ойлаймын. Сосын бекітілген тарифті қайтарады. Бірақ, оны қайта қорғау керек.   

Сонымен бұған дейін электр тарату құны 1 кВт сағатына 3 тг, 0 тиын болды. Ал, өтемдік тарифінен кейін 2 тг, 80 тиынға түсті. Бұл бір жыл сақталады. Мамырда кәсіпорын жапа шеккен электр жабдықтарын меншігіне өткізіп алмақшы. Тасымалдау бағасын «Астана-Теплотранзит» компаниясы да 1 теңгеге арзандатады. Олар инвестициялық бағдарламаға бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдаланған. Яғни, екі жыл бұрын 1 млрд. теңгеден астам қаржы құйылса. Соның 6 млн-ы игерілмеген.   

Руслан Аралбай, «Астана-Теплотранзит» АҚ төрағасының орынбасары:

- Біз жалпы құны 6 млн. теңгелік дәнекерлеу аппаратын сатып ала алмадық. Бұл мемлекеттік байқаулардың өтпеуіне байланысты болды. Сосын сол сомаға басқа құрылғы алғанбыз. Міне, осы үшін өтемдік тариф енгізілді. 1190 теңге. Егер өтемесек, 1191, яғни 1 теңгеге артық болушы еді. 

Прокуратура анықтаған кінәрәт салдарынан жалпы үш монополистік компанияның қызмет құны сәл де болса арзандайды. Сөйтіп, электр мен жылу бағасы 1,2 миллиард теңгеге дейін төмендетіледі.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.