Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Нұр-Сұлтандағы ғимараттардың тек 15 пайызы ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге бейімделген

Нұр-Сұлтан қаласындағы ғимараттардың тек 15 пайызы ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге бейімделген. Осындай проблема еліміздің барлық қалаларында бар. Бұл мәлімет кедергісіз орта құру атты оқу-тәжірибелік семинар кезінде айтылды.

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мамандар да тапшы елімізде. Семинарға қатысушылар мәселені реттеудің екі жолын ұсынды. Ескі ғимараттарды қайта жабдықтап, жаңа ғимараттарды салған кезде арнайы стандарттар енгізу.

Екіншісі, барлық өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мамандарды даярлайтын арнайы орталықтар ашу.

Жадырасын Сәдуақасов, халықаралық сарапшы:

Объектілердегі жұмыстың 80 пайыздайы  тек ішіндегі қызметкерлерді, өзіндегі істейтін адамдарды даярлайды. Қалай мүгедектермен сөйлесу керек, қалай көмек беру керек деген сұрақтар бойынш дайындалады.

Нысаналы ЫҒЫЛ