Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Оралда көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шеккен

Оралда соңғы бірнеше күннің ішінде көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті. Жарақат алғандар қатарында, әсіресе, егде тартқан адамдар көп. Ауа райының құбылмалылығы қала көшелерін көк мұзға айналдырды. Жол-көлік апаттары да жиіледі. Қазір шаһардағы облыстық және қалалық ауруханалар мертігіп қалғандарды кезектесіп қабылдап жатыр.

Айнагүл Сақпосынова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 1 желтоқсаннан бастап есептегенде, 200-ден аса адам қаладағы екі травмпунктке жолыққан. Көбінесе олар жұмсақ тіндерін соғып алады немесе қол-аяғын сындырып алады. Екі адамды жеңіл түрде үсік шалған.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: