Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Павлодар әкімдігі 50 млн. теңге тұратын қымбат үй сатып алған

Павлодар қаласының әкімдігі биыл жалпы бағасы 226 миллион 500 мың теңгеге алты қызметтік пәтер сатып алған. Жұртшылық бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Себебі, пәтерлер астында гаражы бар, бөлмелері кең, заманауи жобамен коммерциялық мақсатта салынған шетінен элиталық үйлерден таңдалған. «Ал, жалпы аумағы 230 шаршы метрлік, қос қабатты, 50 млн. теңгенің үйінде әзірге кімнің тұратыны белгісіз»,-дейді жергілікті билік өкілдері. Айтуларынша, үйдің құны нарықтағы бағадан асып тұрған жоқ.

Аян Бейсекин, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Баспананың әр шаршы метріне бүгінгі күні Павлодарда 200-250 мың теңге көлемінде қаржы сұрайды. Біз осы бағадан асырған жоқпыз. Сіздер сұрап отырған пәтердің әр шаршы метріне 214 мың теңге қаржы жұмсалды.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: