Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Павлодарда көмір мәселесі шешілді

Бүгін облыстық әкімшілікте Жүк тасымалдаушылар мен транспорттық бақылау инспекциясы және жергілікті полиция қызметінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Онда тараптар кеніштерден көмірді шығарып, оны тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық мәселелерді талқылады. Заңға сәйкес, көмірді көлікке сыйғанынша тиеп алуға болады. Ол үшін транспорттық бақылау инспекциясынан 6 ай мерзімге берілетін «арнайы рұқсат» анықтамасын сатып алу қажет. Одан кейінгі талап, жолда көмір шашылып, апатты жағдай тудырмауы үшін көлікте жабынды болуы керек. Ең бастысы, жүк таситын автокөлік техникалық талаптарға сай болғаны абзал. Сонда полиция және басқа да құзырлы органдар тарапынан жүк тасымалдаушыларға кедергі болмайды.

Ұлан Жазылбек, облыс әкімінің бірінші орынбасары: 

-Бізде 12 мың тонна көмір қоры дайын тұр. «Майкүбі» кеніші темір жол арқылы тасымалданатын көмірдің бағасын арзандатты. Тоннасын 6260 теңгеден алуға болады. Темір жол тұйықтамасындағы базаға да әкелінді. Ол жерде көмірдің тоннасы 8,5 мың, 9 мың, 9,5 мың теңгеден. Сондықтан, тасымалдаушыларға «Майкүбіге» барып, тәуліктеп кезекке тұру қажет емес.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: