Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Петропавлда газ жарылысынан баспаналары тұруға жарамыз болып қалған тұрғындарға уақытша пәтер берілді

Қазір мамандар үйдің жағдайын тексеріп жатыр. 5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ жарылып, қатты дүмпуден бірнеше баспананың терезесі сынып, тірек қабырғалары қирады.

42 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жарақат алған 5 жасар бала ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді. Тұрғын үй орталық газ желісіне қосылған. Қазір пәтерлердің терезелері орнатылып, төбеге тіреулер қойылды.

Людмила Лазаренко, ПИК төрайымы:

- Кешкі сағат 18:00 кезінде болды, бірдеңе гүрс ете түскенде біреудің балконы түсіп кетті ме деп, әйнектен қарасақ, терезелер шағылып, перделерге дейін ұшып кетіпті. Өрт сөндіру, полиция қызметкерлері келіп, адамдарға көмек көрсетті. Қазір үйдің тұруға жарамдылығын тексеріп жатыр, нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана нақты шешім шығады. Әзірге адамдарды арнайы орындарға көшірді. Кішкентай баласы барларға уақытша пәтер берілді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.