Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Петропавлда туристік көрме ашылды

Бүгін Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіріралық ынтамқтастығы форумы аясында туристік көрме ашылды. Қойнауы тарихқа тұнған Түркістан, тұмса табиғаты талайды тамсандырған Бурабай мен Баянауыл секілді көрікті мекендер туралы тың ақпараттар көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл көрмеге Қазақстан мен Ресейдің барлық шекаралас аймақтары қатысуда. Жалпы, 40-тан астам павильон орнатылған. Бұл жерде әр облыс, әр өңір өздерінің табиғатының ерекшелігін, тарихи нысандарын көрсетуге тырысуда. Жалпы, көрме екі күн жалғасады.

Эдуард Карулов Алтай Республикасының өкілі. Бүгінгі көрмеде өз елінің ұлттық тағамдарынан көпшілікке дәм татқызып, туристік аймақтар туралы кеңінен мағлұмат берді.  

Эдуард Карулов, туристік фирманың өкілі:

- Алтай Республикасын таныстырайық деп келдік. Біздің ұлттық тағамдарымыз Ресейде кеңінен танымал. Енді қазақстандықтарға танытсақ дейміз.

Ал, киелі Түркістан өңірі бүгінгі көрмеде рухани құндылықтарды дәріптеуге көңіл бөлген. Қожа Ахмет Яссауи мен Отырардың тарихынан сыр шертіп, көне кітаптар мен бұйымдарды туристердің назарына ұсынды.

Ал, Шалқар-Имантау туристік зонасы Қазақстанның туристік даму бағдарламасына енді. Енді көрікті аймақтың инфрақұрылымын дамыту үшін қомақты қаржы бөлінеді. Көрме аясында панельдік сессиялар да өтті. Мамандар туризмді дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі, маркетинг және цифрландыру мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.