Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қарағанды облысында мемқызметкерлер 21 мың шаршы метр аумақты заңсыз пайдаланған

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс бөлмелері шамадан тыс кең екені анықталған. Әкімдер, басқарма мен бөлім басшылары кеңселерді кең сарайдай етіп, демалыс бөлмесіне дейін жабдықтап алған.

Осы орайда 2018 жылы 609 мекеме тексерілген. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер 21 мың шаршы метр аумақты заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Бұл мемлекет қаржысын шығындады деген сөз. Мұндай кемшіліктер Ұлытау, Қарқаралы аудандары мен Қарағанды, Жезқазған, Шахтинск қалалары және Қарағанды облысы әкімдігінде анықталған.

Берік Ахметов, МҚІ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- 21 мың шаршы метр артық алаңды таптық. Соның 7 мың шаршы метрін нақтылап отырмыз. Соны ретке келтіру керек. Осы ықшамдау есебінен 29 миллион теңгені үнемдейміз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.