Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақстандық 20 қыз-келіншек Бейжіңде өтетін EXPO-2019 халықаралық көрмесіне жолдама ұтып алды

Олар - ауылды жерлерде тұратын жұмыссыз жүрген нәзік жандылар. Әлеуметтік жобаға қатысып, бизнес-жобаларын ұсынған. Үздік бизнес идея иелеріне осындай мүмкіндік туып отыр. Әлеуметтік жоба бастамасы елімізде 6 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Осы аралықта 11 мың әйел тренингтерден өткен. Бүгінгі күні 50-ден астам қыз-келіншек кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Биыл әлеуметтік жобаның 7-ші маусымы басталды. Әйелдердің іскерлік белсенділігін арттырып, идея-жобаларын қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жалғаса бермек.

Александра Аккирман, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі компания менеджері:

- Қазақстанда бұл бастама өте жылдам әрі сәтті жүзеге асып келеді. Біздің жоспар - ауылды жерлерде тұратын жұмыссыз әйелдерді бизнеске тарту. Осы мақсатымызға ақырындап қол жеткізіп келеміз. 2020 жылға дейін әлемнің 5 миллион нәзік жандыларын оқытып, бизнестің тетіктерін үйретсек деген міндетіміз бар.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ