Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Бұдан соң Асқар Маминнің ресми сапары Қырғызстанда жалғасты. Бішкекте ел Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық бағытта өзара бірлескен жұмыстарды пысықтады. Содан соң Қазақстан Премьер-Министрі  қос елдің Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты. Келіссөздер барысында болашаққа бағдар жасалып, сауда-экономикалық әріптестікті тереңдетуге бағытталған бірлескен жоспарлар белгіленді. Қазақстан Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 13 пайызға өсіп,  $850 миллионға жуықтаған. 2020 жылға қарай сауда көлемі 1 миллиард долларға жетеді деген болжам бар. Ол үшін тараптар тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Қырғызстан бірге тізе қосып, Орталық Азияға инвестиция тартуға мүдделі. Асқар Маминнің  Қырғызстанға ресми сапары аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ