Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қызылорда облысында бос жерлер аукционға шығарылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 30 жер телімі аукционға шығарылды.  Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін аукцион арқылы саудалау аудандарда алғаш рет жүзеге асуда. Бұл - кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында өте жақсы бастама. Себебі, қандай да бір кәсіп жүргізуде көп мәселе жерге қатысты туындайды. Кәсіпкерлерге жер телімін алуда, жердің кадастрлық құнын бөліп төлеуге де мүмкіндік жасалған. Ең бастысы, барлығы ашық, жариялы түрде жүреді. 

Ғафур Байдеу, кәсіпкер:

 - Малды қыстату мақсатында 290 мыңға 300 гектар жер алдым. Мал басын көбейту - мақсатым. Қыстауға 200 мың төлеп отыр едім. Енді ешкімге төлемеймін. Өзімнің қора-қопсымды соғып, өз жұмысымды әрі қарай жүргіземін. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: