Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Түркістан облысында дөрекілік танытқан лауазымды қызметкерлер жазаға тартылды

Әдепсіз басшылар жұмыстан қуылды. Түркістан облысында дөрекілік танытқан лауазымды қызметкерлер жазаға тартылды. Айталық, қарамағындағыларға тіл тигізіп, қоқан-лоққы жасаған Қазығұрт аудандық ветеренария бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, көпшіліктің көзінше дөрекі, дарақы қылық көрсеткен Бабайқорған ауылдық округінің әкімі де жұмыстан қуылды. Және де қол астындағы қызметкерді негізсіз жазалағаны үшін Кентау қаласы әкімінің аппарат басшысы ескерту алды.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы:

- Жыл басынан бері Түркістан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы болды. Сол 4 отырыста 63 мәселе қаралған болса, оның 18-і -профилактикалық істер. Қалған 45-і - мемлекеттік қызкеткерлерге қатысты тәртіптік іс. Сол 45-тің 27-не қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешемдер шықты.

 Ғани ҚАЛМАХАНОВ