Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ұлттық арна алғаш болып Сирияға кеткендерді іздеген жандарды көрсете бастады

Ел билігінің игі ісіне халық алғысын айтып жатыр. Ал, қауіпті аймақта балалары мен бауырлары қалған өзге қазақстандықтар олардың да қайтып келетінінен үмітті.

Біздің арнамызға өткен жылдың күзінде екі аймақтан көрермендер хабарласып, көмек сұраған еді. Оралда 13 отбасы жат жерден хабар күтіп жүр. Бірі балаларын, енді бірі ұлдарының артында қалған үрім-бұтағын көруді аңсап отыр. Өйткені, ер адамдардың көбі сол жақта опат болған.

Қарағандылық кейіпкеріміз де інісін жоқтап отыр. Өткен жылы алғаш болып, осы мәселемен біздің арнаға хабарласқан Ғанибет Тәжмағанбетова еді. Құзырлы органдарға өтініш жасап, қыркүйектен бері жағымды жаңалық күтіп жүрген Ғанибеттің енді жетім қалған жиендерін көруге үміті зор.

Ғанибет Тәжмағанбетова, Сирияда қалған балалардың туысы:

- Елбасының қолдауымен атқарылып жатқан үлкен іс. Жан-жақтан аналар рахметтерін білдіріп жатыр. Бізде бүгінгі күні үлкен үміт оянып отыр. 47 отандасымыз сияқты біздің де балаларымыз, бауырларымыз елге оралар.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: