Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

ОСК қол жинау парағының үлгісін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы «Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды және олардың растығын тексеруді ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.  «Сайлау туралы» заңға сай қол жинауды Президенттіке кандидаттың сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады. Қол жинау парақтарын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болады және онда  кандидаттың тегі мен сенім білдірілген адамының жеке қолы болуы керек.

Сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәлік беріледі. Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын тұлға бола алмайды. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес сенім білдірілген адамдар қол жинауды ұйымдастыру үшін  қол жинауға басқа да адамдарды тарта алады. 

Ақылбек Ихданов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Тізімге сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарына Республика сайлаушыларының жалпы саны 11 млн. 814 мың 19  адамды құрайды. Осылайша, Президенттікке кандидатты кемінде 118 мың 140 сайлаушы қолдауы тиіс. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ