Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Президенттікке кандидаттардың теледебаты 29 мамырда өтеді

Мамырдың 29-ы күні президенттікке үміткерлердің теледебаты өтеді. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, телевизиялық жоба тікелей эфирде жүруі мүмкін. Сайлау алдындағы пікір-сайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. 

Тележобаның өту уақыты 80 минуттан кем болмайды. Мамандардың айтуынша, бұл жай дебат емес, кеңейтілген форматтағы дебат-дискуссия. Яғни, үміткерлер кең көлемде әңгімелеседі. Телепікірталас 3 раундқа бөлінген. Әуелі әрбір қатысушы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйлейді. Кейін бір-біріне сұрақ қойып, оның жауабын алады. Әр қатысушы болашақта Қазақстанды қалай елестететіні туралы әңгімелелеп береді. Саяси науқанның телевизиялық жобасына 41 млн теңге бөлініпті.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Егер бұрынғы заңға сәйкес ОСК пікірталастарды өзі әкімшілендірсе, қазіргі талап бойынша БАҚ-қа беріліп отыр. Әрбір тақырып бойынша бәріне тең уақыт беріледі.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ