Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақстандықтар сайлауды қолдайды

Президенттің кезектен тыс сайлауы дәл уақытында өткелі отыр. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінде отырған бұқараның ортақ пайымы. Қазақстан жер жүзіне тұрақтылық пен бейбіт өмірдің ордасы ретінде танылды. Тұңғыш Президент – Елбасы бастап берген игі істерді жалғайтын азамат ел тізгінін ұстаса деген көпшіліктің тілегі бар.

Жастар қоғамды алға сүйрейтін үлкен күш. Кез келген саяси науқанның басы- қасында жастардың жүруі де бекер емес. Елде қабылданған шешімідер мен маңызды шараларда  белсенділік көрсетіп, пікірлерін ашық білдіреді.

Бүгінгі буын ибұған дейін қабылданған бағдарламлардың толық орындалып, іске асқанын қалайды. Қазір Шығыс Қазақстан  облысында жастардың бизнес идеясын қолдау бойынша 150-ден астам жоба қолға алынған.

Санжар Әскербеков, студент:

2019 жылы Жастар жылы деп бізге үлкен сенім артты және көптеген биіктерге шығады деп үміттенеді. Біз Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматымыз. Сайлауға қатысуға құқылымыз. Мен бұл сайлауды қолдаймын.

Талғат Тілес, Қызылорда облысы бойынша «Жас отан» жастар қанаты облыстық филиалының  төрағасы:

Қазір әлемдік тенденцияларға сәйкес, әлемдік және ішкі ахуалдарға сәйкес біз өзіміздің болашағымызды айқындап, осы сайлауда жаңа Президенттің сайлануын өте құптарлық шешім дейміз.  

Біз Сыр жастары бұл   шешімді  құптаймыз, қолдаймыз. Себебі, болашағымызды айқындап, осы еліміздің болашағын айқындап, жаңа Елбасының жасаған жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, елде дамуды қамтамасыз ету үшін болашаққа біз осы сайлау арқылы нақты қадамдар жасаймыз деп ойлаймыз.

Сайлау елдің болашағы шешілетін саяси аламан. Ал, халық төреші. Кімнің жеңіп, кімнің озғанын халық өзі шешеді. Ақтөбе жұртшылығы сайлауда белсенділік танытуға дайын отыр.

Марат Қойлыбаев, «Ер бақыт» қоғамдық қорының төрағасы:

Ертеңгі күні әділ сайлау болады деп жатыр. Сендіріп жатыр, әділ, демократиялық ел ретінде сайлау болады деп. Мен соған сенемін. Өйткені, ертеңгі күні ұсыныстар түседі, жаңа сайлауға түсетін кандидаттар болады. Олардың ішінен халық, біздер бір ауыздан қолдап, кімді сайлау керек екенін, бұдан біз жанында қалып қоймай, ертеңгі халықтың болашағы үшін, ұрпағымыздың болашағы үшін біз нақты, дұрыс, президент сайлауымыз керек.

Президент сайлауынан ел үлкен үміт күтеді. Елбасымыз тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның іргетасын қалап, бүгінгідей әлем таныған елге айналдырды. Сондықтан келесі басшы да осы жолды жалғастыруы тиіс, – дейді жамбылдықтар.

Мейрамбек Төлепберген, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

Әрине, осының бәрі біздің қоғамымызға қажетті, тағдырлы, жауапты шешім деп қабылдадым, бұл орайда тәуелсіздік жылдары қандай табыстарға қол жеткіздік солардың барлығы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген ішкі және сыртқы саясатының жемісі, сонымен бірге халықтық бірліктің нәтижесі деп ойлаймыз, біз құндылықтар деген кезде қоғамдық келісімді, саяси тұрақтылықты,тыныштық пен бейбітшілікті айтамыз.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу – әлемдік тәжірибеде бар дүние. Тұңғыш Президетіміз анықтап берген ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобаларды табысты іске асыру үшін биліктің тұрақтылығы қажет. Әрі әлемдік қауымдастық алдындағы міндеттер тұрғысынан алғанда да бұл сайлаудың маңызы зор.

Ғабит БӨКЕНБАЙ