Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Сайлаудың ел экономикасына әсері қандай?

Алдағы кезектен тыс президент сайлауының еліміз үшін саяси ғана емес, экономикалық та маңызы зор. Себебі ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі, осы саяси науқанмен тікелей байланысты. Бұл - ресейлік инвестициялық компанияның сараптамамен айналысатын басқарма бастығы Ярослав Лисоволиктің пікірі.

Белгілі қаржыгер–экономистің айтуынша, кезектен тыс президент сайлауы – Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруына ықпал етуі тиіс.

Ярослав Лисоволик, «Sberbank Investment Research» инвестициялық компаниясы сараптамалық басқармасының бастығы:

- Президенттік сайлаудың кезектен тыс өтуі, бірінші кезекте инвесторлар үшін маңызды дер едім. Себебі олар алдағы уақытта елдің қай бағытта дамитынын, нендей жағдайдың өзгеретінін білгісі келеді. Яғни, өз жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлайтын инвесторларға тұрақтылық, нақтылық керек. Сондықтан саяси науқан ойдағыдай өтсе, ол қаржы нарығына міндетті түрде оң әсер етеді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ