Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Зауыт жұмысшылары сайлауды қолдайды

Елдегі тұрақтылық  өнеркәсіп саласының дамуына да оң ықпал етеді. Сондықтан, сайлаудың мерзімінен бұрын өтуін  қолдаймыз дейді  Теріскейдегі «Мұнаймаш» зауытының жұмысшылары. Соңғы бірнеше жылда  көлемді тапсырыс алып,  істері өрге басқан кәсіпорын үшін ең бастысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың бәсеңдемеуі.  Сондықтан, таңдау жасауға біріміз қалмай барамыз,- деп отыр.  Жұмысшылармен кездескен облыстық мәслихат депутаттары сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп,  сұрақтарына жауап берді. 

Владимир Бубенко, облыстық мәслихат хатшысы:

Халық Президенттің сайлауды биыл өткізу туралы ұсынысын қолдады. Өйткені, елге тұрақтылық пен бірлік керек. Тұрғындар үшін ең маңыздысы   ертеңгі күнге деген сенімділігі.  Сондықтан да, қай жерде болмасын жерлестеріміз Президенттің шешімін қолдап отыр. Ал біздің мақсатымыз сайлаудың қалай өтетінін түсіндіру. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ