Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Онкологияға шалдығып, оны жеңіп шыққан қазақстандықтар Мәскеудегі спорт жарыстарынан жеңіспен оралды

Ерекше жүлде. Онкологияға шалдығып, оны жеңіп шыққан қазақстандық жеткіншектер Мәскеуде өткен спорт жарыстарында жеңіспен оралды.

«Жеңімпаздар ойындары» деп аталатын дүниежүзілік сайысқа 15 елден 500-ден астам бала қатысқан. Барлығы да қатерлі дертпен күресіп жүргендер. Халықаралық дода бес ойын түрінен өтті.  Футбол, үстел теннисі, жүгіру, ату және шахмат. Біздің жеткіншектер 21 медаль алып келді. Оның оны алтын, төртеуі күміс, жетеуі қола. Кішкентай жеңімпаздар кеуделеріндегі жарқыраған алқаны, осы жарысқа қатысуға мүмкіндік жасаған білім беру басқармасының өкілдеріне көрсетіп мәз болды. Қуанышы кеуделеріне сыймаған балғындар спорт шарасы кезіндегі қызықтарымен бөлісті. Басқарма басшысы оларға сәттілік тілеп, сый-сияпат жасады.

 

Жанна Байсақова, жарысқа қатысушының ата-анасы:

 

Бұл шаралар жарыс үшін емес, атақ алу үшін емес, біз сияқты аурып жатқан балаларға алдыңғы өмірлерінде, алдыңғы өмірлерінде осындай қуанышты сәттер күтіп тұрғанын,олардың мойымауын, жазылып кететіне сеніммен қарап, алдағы өмірлері гүлді болатынын айтқым келеді.

 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ