Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жаңа технологиялар – жарқын болашақ кепілі

Ауыл шаруашылығын экономиканың тірегіне айналдыру үшін жаңа технологияларды жете меңгерген кадр қажет. Осы бағытта Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті іргелі істерді қолға алған.

Бұл - Жастар жылы аясында ұйымдастырылғын халықаралық форумға қатысқан тәлімгерлердің пайымды пікірі. Олардың сөзінше, сандық жүйені аграрлық салаға енгізу шаруашылықтардың жұмысына серпін береді. Жалпы, елімізде игерілмей жатқан жер көп. Ал, оларды толық игеру үшін автоматты басқарылатын заманауи еңбек құралдарын қолдану маңызды. Агротуризмді дамыту шалғай елді мекендердің тұрмысын тіктеуге негіз болмақ. 

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Біз бүгін агротехнологиялық хабтың әр облыста меморандумға қол қойып, әр облыстағы агроқұрылымдар, компаниялармен тікелей келісімшарт арқылы нақты өндірісті анықтап отырмыз.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.