Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Алматыда жас ғалымдар өзекті мәселелерді жаңа технологиялар арқылы шешу жолдарын талқылады

Ақылды технология - бизнесті дамытудың негізі. Бұл - елді әлемдік нарыққа бастайтын жол. Алматыда бас қосқан жас ғалымдар осыны айтты. Олар елдегі өзекті мәселелерді жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешу жолдарын талқылады.

Жас зерттеушілердің сөзінше, Елбасы Жолдауындағы 10 міндет аталған мәселелерді іске асыруға бағытталған. Ең бастысы, Қазақстан жаңа әлемнің көшбасшысы қатарына кіруде көп дүниенің қажеті жоқ. Сондықтан, алдымен ақылды технологияны агроөнеркәсіпте және мемлекеттік басқаруда тиімді қолдану үшін кәсіби кадрларды көптеп тарту керек. 

Махмұт Томанов, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

- Елбасы осы жолғы Жолдауында жастарға көп көңіл бөлген. Себебі, олар - қозғаушы күш. Ал, Тұңғыш Президент қоры жастардың кез келген бастамасын қолдайды. Ғылыми жобаларына гранттар бөледі. Тәжірибе алмасу үшін шетелге жібереді. Сондықтан, біз жас ғалымдардың жан-жақты өсуіне барынша жағдай жасаймыз. 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ