Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жоба туралы

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» телехикаясы

Бұл махаббат дастаны Қарабай мен Сарыбайдың аңшылықта жүріп ант берісіп, бел құда болғанынан басталған. Сарыбай опат болған соң Қарабайдың ақымақтығы мен сараңдығының кесірінен берген сертінде тұрмай, қызын алып көшіп кеткендіктен, екі жас бір-бірін білмей өскен еді. Бірақ, Қозы ер жете келе сүйіктісіне аттанып, жол  қиындығы мен дұшпанның тезіне төтеп беріп, бар ауыртпалықты  жеңіп, сүйіктісіне қосылады.

 

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры халқымыздың екі мың жылдық тарихқа ие рухани мұрасы. Екі ғашықтың мөлдір сезімін арқау еткен жыр - бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырған махаббат пен достық, пәктік пен тазалық, ізгілік пен адамгершілік туралы асыл ойларының жалғасы. Соның айғағы Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты бүгінде жастарға ғашықтықтың биік символы болып саналады.

Телехикаяда халқымыздың ежелгі салт-дәстүрі, наным-сенімдері, тұрмыстық рәсімдері толық суреттеліп, көркемделіп көрсетіледі. Сонымен қатар, сол заманның сарынына сай тұрмыс-салт жырлары: бақсы сарыны, бәдік, тойбастар, сыңсу, жар-жар, айтыс, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау т.б. қамтылады.

Жанры: телевизиялық көркем телехикая 

Тілі: қазақ

Бөлімдердің жалпы саны: 6

Бөлім ұзақтығы: 42 минут

Аудиториясы: 12+

Актерлік құрам: ҚР актерлері 

Қоюшы-режиссері: Дархан Сәркенов

Бас продюсері: Баян Мақсатқызы

Эфирге шығатын уақыты: Дс-Бс 21:45-те, жұма 22:15-те

Қайталау уақыты: 12:05

Жоба видеосы

{{selectedVideo.currentTranslation.name}}

{{selectedVideo.currentTranslation ? selectedVideo.currentTranslation.description : 'No translation'}}

{{video.viewsCount | number}}

Жоба жаңалықтары

Барлық жобалар

{{newsItem.currentTranslation.name}}

#{{newsItem.projectNewsHashtags[0].hashtag.name}}

Арнаның бетке ұстарлары

{{face.currentTranslation.name}}

{{selected.currentTranslation.name}}

{{selected.currentTranslation.information}}

Басқа жобалар

Басқа жобалар
{{projectItem.mainTvProgram.time | asDate:'HH:mm'}}
{{projectItem.mainTvProgram.time | asDate:'EEEE'}}

{{projectItem.currentTranslation.name}}

{{projectItem.category}}
{{projectItem.currentTranslation.content | htmlToPlaintext}}