Kaztrk.kz

«Бүгін жексенбіде» Асқар Жүнісбеков қонақта болмақ

сб, 01/14/2017 - 12:15

15 қаңтарда «Бүгін жексенбі» студиясында сахнадан көптен көрінбей кеткен әнші Асқар Жүнісбеков қонақта болмақ. Әншінің қандай тосынсыйы бар, бірге білейік!

Жарықпен сурет салу өнері туралы естуіңіз бар ма? Фризлайт өнерінің ерекшелігімен «Бүгін жексенбіде» таныса аласыздар.

Аптаның сәрсенбі күндері сағат 15:30-да әйел адамдар өз жасынан әлдеқайда кәрі көрінеді екен. Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты. Толығырақ Аманбек Мағзұмханның сюжетінде.

«Бүгін жексенбінің» kino.kz айдарынан көретіндеріңіз:

  • «Тақиялы періште» фильмінің екінші бөлімін түсіру жұмыстары жүруде;
  •  Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев өзінің «Она» атты кезекті  туындысын бастап кетті;
  • «Наурыз KZ». Асқар Бисембиннің жаңа фильмі 16 наурыздан бастап көрермен назарына ұсынылады.

Осы және өзге де қызықты сюжеттер мен танымал қонақтардың сұхбатын тыңдағыңыз келсе, 15 қаңтар сағат 09:30-да  Ұлттық арнаны қосыңыз!